Bugin
Фото: freepik.com
Семейде тәрбиеші әріп танымаңан баланы ұрып-соқты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"SEMEI TV" арнасының мәліметінше, тәрбиешінің бұл ісі видеоға түсіп қалған. Ата-аналардың айтуынша, тәрбиеші балаларды әріп білмегені үшін және басқа бағдарламаны меңгере алмағаны үшін ұрып-соққан.
Тәрбиеші жұмыстан шеттетілді. Сондай-ақ сегіз ата-ана тәрбиешінің үстінен арыз жазғандықтан, 140-бап бойынша педагогке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал мекеме басшысына қатаң сөгіс жарияланды.