Bugin
Фото: freepik.com
Рудныйда құбыр жарылып, үйлер жылусыз қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Төтенше жағдай 8 қарашаға қараған түні болған.
"Аудан тұрғындары жақында бұл аймаққа жаңа құбырлар тартылғанын айтады, десе де үйлер жылусыз қалды", - делінген дереккөзде.
Әкімдік коммуналдық қызмет жұмысшыларының жөндеу жұмысына кірісіп кеткенін жеткізді.