Bugin

TikTok-тағы видео үшін: 11 баланың анасы сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм/ abdulla_kzkz

Жаңаөзендік Жадыра Досекеева Қылмыстық кодекстің "телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, әлеуметтік алауыздықты қоздыру" бабы бойынша кінәлі деп танылып, үш жыл шартты жазаға кесілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Әлеуметтік желідегі abdulla_kzkz парақшасында жаңаөзендік әйелдің оқиғасы баяндалған. Сот әйелдің биыл сәуірде TikTok әлеуметтік желісінде жариялаған бейнежазбасын “әлеуметтік және ұлттық алауыздықты қоздыруды негіздейді" деп бағалаған. Белсендіге қатысты қылмыстық іс биыл маусымда қозғалған болатын. Сот барысында прокурор оның бас бостандығын 4 жылға шектеу жазасын тағайындауды сұраған. Ал сот айыпталушының кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп, үш жыл шартты жаза кескен.

Сотталушы Жадыра Досекеева өзінің кінәсін мойындамай, соттан ақтау үкімін шығаруды сұрады.