Bugin

Балаларына қарыз: Шымкенттің экс-әкімінің інісі қымбат көлігінен айырылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Шымкенттің экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің інісі Марат Әйтеновтен Mercedes көлігі тәркіленді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ол алимент бойынша 23 млн теңгеден көп сома қарыз болып шықты. 

“Жеке сот орындаушысы Н.К.Мұратова үш баласына алимент өндіру бойынша 23 миллион теңгеден астам қарызы жиналған борышкердің автокөлігін тәркілеп, қамауға алды", - делінген хабарламада. 

Бұл көлік балалар алдындағы қарызын өтеу үшін электронды аукциондарда сатылады.