Bugin
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алматы қаласында жүзуден Қазақстан Республикасының қысқы чемпионатының екінші күні аяқталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Су айдынындағы додада кіл мықтылар өнер көрсетуде. Айтулы жарыста Түркістан облысының спортшылары тарихи нәтиже көрсетті. Олай дейтін себебіміз, 2014 жылы қойылған рекордты 10 секундқа жаңартып, өз мықтылықтарын дәлелдеді. Жарыста 4×200 метр эстафета еркін жүзуден Бөтакөз Оспанова алтыннан алқа тақса, 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Аделаида Пчелинцеваға тең келер қарсылас болмады.
Айта кетейік, ел чемпионатына 21 команда, 233 спортшы қатысты. Оның ішінде 139 ер және 94 әйел бар. Осындай аламанда ғаламат нәтиже тіркеген сайыпқырандар – Түркістан облыстық су спорт түрлері мектебі мен облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірттері. Жаттықтырушысы – Жанас Шалдарбеков.