Bugin
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысы өткізілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, облыстық терроризмге қарсы комиссияның мүшелері мен құзырлы органдардың басшылары, тиісті департаменттердің басшылары және аудан, қала әкімдері қатысты.
Комиссияның белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес, жиынның күн тәртібінде оңалту жұмысымен айналысатын теолог - мамандардың жұмыстарының тиімділігі, діни атрибутикаға қатысты туындаған мәселелер, жастар ортасында интернет кеңістігі арқылы теріс діни ағымына кіруіне қатысты мәселелер және оларды шешу жолдары пысықталды. 2024 жылдың 9 ай қорытындысымен ТҚК қызметі саласындағы орындаушылық тәртіп туралы мәселелер талқыланып, баяндамалар мен сын-пікірлер тыңдалды сондай-ақ, сала басшылары мен аудан, қала әкімдеріне тапсырмалар берілді.
Мәжіліс соңында ақпарат кеңістікті жақсарту, ата-аналардың жауапкершілігін күшейту, ұлттық құндылықтарымызды бағдар ету мәселелері сөз етілді.
Айта кетейік, биыл облыс әкімінің төрағалығымен Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының 3 отырысы және облыстық ТҚК аппараты жанындағы жұмыс тобының 21 мәжілісі өткізілген. Маңызды мәселелер қаралып, тиісті ұсыныстар берілген.
Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы жағдайлардың күрделігіне байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы №589 «Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Жарлығы қабылданған. Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясы консультативтік-кеңесші орган міндетін атқарып келеді.