Bugin

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ҚАРСЫ РЕЙДТІК ШАРАЛАР ӨТТІ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен облыстық полиция департаменті, Сарыағаш ауданының Полиция басқармасы, сондай-ақ көліктік бақылау инспекциясы, Сарыағаш ауданының Кірістер басқармасы және Сарыағаш ауданы әкімдігі бірлесе отырып, заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою бағытында рейдтік іс-шаралар жүргізілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Нәтижесінде заң бұзушылықтарға жол берген жүргізушілерге 28 әкімшілік хаттама толтырылды.

Заңсы жолаушылар тасымалына қарсы рейдтік шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.