Bugin

ТҮРКІСТАН: «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» - МАНКЕНТТІК ТҰРҒЫНДАРҒА СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыратын «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясындағы жұмыстар Манкент ауылының мәдениет үйінде жалғасты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқосу барысында «Ұлы дала» ассоциациясы «Қарызсыз қоғам» жобасының қаржы сарапшысы, кәсіпкер Амиралиева Айгерім Алиевна Сайрам ауданына арнайы келіп, Манкент ауылының тұрғындарына оқу семинарын өткізді.

Аталмыш жобаның қарқынды жүзеге асуына Сайрам ауданы аппараты қызметкерлері, Манкент ауылдық округі әкімінің орынбасары Махсудов Журат, Манкент ауылдық округі әкімі аппаратының әлеуметтік мәселелер бойынша бас маманы Саттаркулова Дияра, аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Көлбаев Әбілсейіт, «АМАNAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының кеңесшісі Гуломжон Ирискельдиев белсене атсалысты.

Жалпы «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы негізінде оқу семинарына манкенттік 175 адам қатысты. Оның ішінде, 151 азаматқа арнайы сертификаттар салтанатты түрде табысталды.

Семинар соңында қаржы сарапшысы Айгерім Алиқызы банк есеп шоттары және несиелерге қатысты мәселелер жөнінде ауыл тұрғындарын жеке қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, халықтың қарыз жүктемесін азайтуға бағытталған оқу семинары алдағы уақытта Қайнарбұлақ ауылдық округінде жалғасын табады.