Bugin
Фото: freepik.com
7 қарашада Тараз орталығындағы пәтерлердің бірінен екі әйелдің денесі табылған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Әлеуметтік желіде Тараздағы әйелдердің денесінен зорлық-зомбылық іздері анықталғаны жазылды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
“Адам өлімі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен Жамбыл облысының Полиция департаментінің басшылығы барды”, - деді полиция.
Күдікті әлі ұсталмаған.