Bugin

Оралда 21 жастағы балықшы өлі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Еnvato 

Оралда балықшының мәйіті табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Балықшының денесі Шаған өзенінен табылды. Мәйіт сараптамаға жіберілді. Оның денесінде зорлық белгілері табылмаған. 

“Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Мүрде сараптамаға жіберілді. Жігіттің өзен жағасында балық аулағаны анықталды. БҚО полиция департаменті тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтап, барынша абай болу керектігін еске салады”, - деп хабарлады ведомстводан.