Bugin

Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:gov.kz

Бүгін, 9-қарашада сағат 7:00 - 14:00 аралығында Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабымен Астана қаласы аумағында «Ветеренария бойынша ұлттық референттік орталық» жағдайында (Абайдың 150 жылдығы көшесі, 22/3 үй) терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізу көзделген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы мәлімдеді. 

Шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы қызмет органдары күш-құралдарының  терроризм қауіптеріне қарсы жедел әрекет ету дайындығын тексеру болып табылады.

Оқу-жаттығу аясында белгілі деңгейде тыйымдар мен қаланың кейбір аудандарында жаяу жүру және көлік қозғалыстарына уақытша шектеулер енгізу қарастырылған.

Осыған орай, азаматтарды өтіп жатқан шараға түсінікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпараттардың таралуына жол бермеуге шақырамыз.