Спорт

Қазақстаннан жеңілгеннен кейін қуылды

Шотландия ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен босатылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шотландия футбол ассоциясы ұлттық құраманың бас бапкері Алекс Маклишті қызметінен босатты. Бас бапкермен қоса, оның көмекшілері де жұмыстан кетті.

Алекс Маклиш Шотландия құрамасын 2018 жылдың ақпанынан бастап жаттықтырды.

Маклиштың қарамағында Шотландия 6 жолдастық кездесу, Ұлттар Лигасының 4 ойынын және Қазақстан мен Сан-Мариноға қарсы ЕУРО-2020 ойындарын өткізіп, бар жоғы 5 рет қана жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасымен болған ойында Шотландия 3:0 есебімен жеңілді. Сол ойыннан кейін Маклиштың өз орнында қалу-қалмауы туралы сөздер шыққан болатын.Оның орнын кім басатыны әлі белгісіз.