Bugin

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАН ӘКІМІ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮЙЕЛЕНДІРУДІ ТАПСЫРДЫ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Жетісай ауданы әкімдігі

Түркістан облысы, Жетісай ауданының әкімі Серік Ұсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары мен дербес бөлімдердің, мекеме басшылары қатысты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігіне сілтеме жасап. 

Мәжілістің күн тәртібінде бекітілген 2024–2025 жылдарға жоспарланған инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Толыбаевтың, көрнекі ақпарат құралдары және жарнамалар мен нысан атауларының дұрыс жазылуы, «Тіл туралы» заңның орындалуы бойынша аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиевтың, құрылыс жұмыстары жүріп жатқан арендалық үйлердің жағдайы туралы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мырзабек Абишевтың, «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүргізіліп жатқан іс-шаралар мен жылыту маусымына дайындық жұмыстары туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының м.у.а Жақсыбай Әміренің, «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу жағдайы бойынша аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұртас Тұрсынбековтың баяндамалары тыңдалып, «Алтын күз», «Жетісай қаласының 55 жылдығы» мерекелік іс-шараларына дайындықтардың барысы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жасалды.

Мәжіліс барысында аудан басшысы ауданда жұмыссыздық деңгейін төмендету, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, «Ауыл аманаты» жобасы аясында кәсіпкерлігін қолға алушылар мен жеке инвестициялар есебінен ашылатын жаңа жұмыс орындарының санын көбейту, орын алған кемшіліктерді тез арада жойып, аудан аумағында жұмыс жүргізіп отырған мердігерлердің жұмысының сапасын қатаң бақылауға алуды, қала, кент, ауылдық округ көшелерінде жабылып қалған арық-атыздар мен су қашыртқыларын қалпына келтіруді тапсырды. Берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылауға алуды аудан әкімдігі аппаратының басшысына тапсырды. Берілген хаттамалық тапсырмалар мерзімінде орындалмаған жағдайда жауапты сала басшыларына тиісті шаралар көрілетіні ескертілді.