Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АУДАН БАСШЫСЫ АМАНАТТА ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Жетісай ауданы әкімдігі

Түркістан облысында аудан әкімдері қабылдау өткізді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісай ауданы әкімі Серік Үсенұлы Мамытов «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының ғимаратында жергілікті тұрғындарға қоғамдық қабылдау өткізді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қабылдауға «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, аудандық мәслихат депутаттары Әділхан Асауов пен Бекет Ділдәбаев, дербес бөлім басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен денсаулық сақтау саласының басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Аудан басшысының қабылдауына келген азаматтар негізінен баспана алу мен тұрғын үй кезегіне тұру, әлеуметтік және медициналық көмектердің қолжетімділігі, елді мекендердің ішкі жолдарын асфальттау, ауылдарды абаттандыру мақсатында аллеялар мен гүлзарлар, спорт кешендері мен балалардың ойын алаңшаларын салу, газдандыру, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік салаларына қатысты өтініштері мен ұсыныстарын айтты.

Азаматтардың айтқан өтініштері мен көтерген мәселелері бойынша тиісті сала мамандары кеңестер беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әрбір іс тек заң аясында ғана жүргізілетіні айтылды. Жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, нәтижелері бақылауға алынды.