Bugin
Фото: freepik.com
Қордай ауданында 17 жасар қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жамбыл облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
“Қордай ауданында қыздың денесін табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізеді”, - делінген полиция департаменті хабарламасында.
Полиция сотқа дейінгі тергеудің басталғанын мәлімдеді.