Саясат
Мәйіт іздеудегі жеткіншекке тиесілі болуы мүмкін деген болжам бар
Жамбыл облысының Қаратау қаласында өртелген баланың өлі денесі табылды.Қазір мәйітті тану мүмкін болмай жатыр. Себебі қатты жанып кеткен. Ал таяуда осы қалада 8 жастағы қыз жоғалған еді. Үшінші сынып оқушысы би үйірмесіне кетіп қайта оралмаған, деп хабарлады КТК.
Дене іздеудегі жеткіншекке тиесілі болуы мүмкін деген болжам бар.
"Мәйіттің жеке басын анықтау үшін барлық қажетті сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Анасы мәйітті киім қалдықтарынан қызымдікі деп болжап отыр. Сонымен қатар ашуға бағытталған жедел іздестіру жұмыстары жалғасуда", – дейді Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев.