Bugin
Фото: freepik.com
Көңіл-күйіңіздің күнделікті тұрақты болуы үшін Лайфхакер сайты 3 пайдалы кеңес ұсынады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Адам эмоционалды тұрақты болуы үшін өз көңіл-күйін басқара алуы керек. Бұл үшін қарапайым әдеттерді жасап жүруге болады.
1. Кішкене кідіріспен эмоцияларды көрсетіңіз
Кейде біз жағдайға тым суық жауап береміз. Кейін өкініп жатамыз. Ренжіткен адамға өкінішімізді жеткіземіз.
Нобель сыйлығының лауреаты және "Баяу ойла, тез шеш" кітабының авторы Даниэль Канеман маңызды ақпарат ұсынады. Ол адамның миын 2 жүйеге бөлді. Бірінші, автопилот ақпаратты эмоциялар мен түйсігі арқылы өңдейді. Екіншісі – ұшқыш, керісінше, ұтымды ойлауды қолданады және баяу жұмыс істейді.
Эмоционалды шешім қабылдамас бұрын 10-ға дейін санап көріңіз. Бұл ұшқышқа "дайындалуға" уақыт береді.
2. Күнделік жазу
Өз ойларыңыз бен сезімдеріңізді жазу эмоционалды интеллектті шығаруға көп көмектеседі. Журнал жүргізу шығармашылыққа және интроспекция қабілетіне оң әсер етеді. Мұны істеу кезінде белгілі бір ережелер жоқ, бірақ оны әдетке айналдыру үшін күн сайын жазба жазған дұрыс.
3. Медитация
Медитация мидағы стресс пен эмоционалды жарылыстармен күресуге көмектесетін тәсіл. Ол жаңа нейрондық байланыстарды құруға ықпал етеді. Бұл әсіресе өз сезімдерін білдіру қиынға соғатын ер адамдарға көмектеседі.