Bugin
Фото: freepik.com
Австралияның оңтүстік жағалауындағы серфингшілер сирек кездесетін оқиғаның куәсі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Лайфхакер сайтына сілтеме жасап.
Император пингвині Перттен оңтүстікке қарай 267 шақырым жерде орналасқан Денмарк қаласындағы жағажайдың жағасында пайда болды. Сарапшылардың пайымдауынша, Пингвин Антарктидадан 3400 шақырымдық үлкен жолды жүріп өтті.
Бұл кез-келген теңіз құсының қолынан келе бермейтін ерлік. Ол әдеттегідей судан шығып, адамдарға жақындаған. Пингвиннің биіктігі бір метрге жуық.
Бұл пингвин император пингвиндерінің ең алыс қашықтығын жүзіп өтті. Зерттеушілердің айтуынша, құс оңтүстік ендіктің 35-ші параллеліне дейін жеткен.