Bugin
Фото: freepik.com
Тараздағы №67 мекемеде адам өлтіргені үшін сотталған 36 жастағы әйел басқа тұтқыннан жүкті болып қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ер адам қыз зорлағаны үшін 10 жылға сотталған. Оның жазасы осы желтоқсанда аяқталуы тиіс болатын.
Жүктілік фактісі №67 колонияның басшысы Бауыржан Сауранбаев қызметінен босатылғаннан кейін анықталды.
Колонияда бақылауды қадағалаған жауапты қызметкер жұмыстан босатылып, режим бұзған басқа қызметкерлер де тәртіптік жазаға тартылды. Жағдайды түзету мақсатында мекеме басшылығына ауқымды қызметтік тексеріс жүргізілді.