ҚОҒАМ
Фото: Zakon.kz
Атырау облысында баласын өрттен құтқармақ болған ана көз жұмды. Тұрғын үйден өрт шығып, шатыры опырылып түскен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Atyrau Online басылымына сілтеме жасап.
66 жастағы анасы психикалық ауытқуы бар 35 жастағы ұлын алып шықпақ болған. 58 жастағы отағасының екі қолы күйген, ал 5 жасар немересі түтіннен уланған. Екеуі терезеден шығып, аман қалған. Олар аудандық ауруханаға жатқызылды.
Өрт сағат 5:52-де ауыздықталып, 6:30-да толықтай сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Өртті сөндіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Құрманғазы ауданы №7 өрт сөндіру мекемесінің тоғыз қызметкері, екі бірлік техника және «GRWORLD» ЖШС-дан үш адам, бір техника жұмылдырылды, - деп хабарлады Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға бүгін таңертең Ақкөл ауылында болды.