Bugin
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Төлеби ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Түркістан облысы аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді сызбасын әзірлеу бойынша қоғамдық талқылау өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаевтың төрағалығымен өткен жиынға Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының бас жоспарды және қалақұрылыстық жобалау бойынша қызметтерді үйлестіру бөлімінің басшысы Сания Шораева, дербес бөлім және мекеме басшылары, қала, ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібіне сәйкес «АТС Град» ЖШС өкілі Қасиет Тәшімбетов Түркістан облысы аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді сызбасын әзірлеу туралы кеңінен баяндап, өзгерістермен таныстырды. Жиынға қатысушылар жол тораптары мен нысандардың орналасуына қызығушылықтарын танытып, сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.