Bugin
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Төлеби ауданы – аграрлы аймақ. Тұрғындардың негізгі күн көрісі – ауыл шаруашылық саласы. Аудандағы ауылшаруашылығы алқаптарының жалпы жер көлемі 92990 гектарды құраса, оның ішінде егістік жерлер 63274 гектар. Ал суармалы жерлер көлемі 9813 гектар, көп жылдық екпе ағаштары 2547 гектар, шабындық жерлер 1187 гектар, жайылым жерлер 25982 гектарды құрайды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таулы аймақтың климаттық жағдайы ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы болып келеді. Ауданда қыста қар қалың жауып, көктемі жаңбырлы болғанымен жазда аптап ыстықтарында ағын су тапшылығы сезіледі.
Аталған мәселені шешу мақсатында, шаруаларға ағын су жеткізуді қолға алып, Кемеқалған ауылдық округінде 13 гектар жерге сыйымдылығы 1040 мың текше метрді құрайтын «Қарақуыс» су қоймасының құрылысы жүргізілуде. Жоба құны – 1 123 млн. теңге. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Тоған іске қосылғанда суармалы жер көлемі 350 гектарға ұлғайып, Абай елді мекені ағын сумен қамтылады.
2024 жылы аудан тарапынан 43,3 шақырым болатын 9 каналды механикалық тазалаудан өтті. Егістік көлемі 65,5 мың гектар, қарқынды бау аумағы 80 гектарды құрады.