Bugin

Түркістан: Көксәйек ауылында бір көше толығымен жарықтандырылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысы, Төле би ауданындағы Көксәйек ауылындағы Шәмші Қалдаяқов көшесін жарықтандыру үшін 56 түнгі шам орнатты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Желіде әлеуметтік желі белсендісі Бақытжан Копбаев Көксәйек аулының Сапасыз ауыз су, балалар ойын алаңы, жол жарығы жайлы видео жариялаған. 7 қараша күні «ЮгЛайтТранзит» ЖШС Төлеби аудандық бөлу бөлімінен түнгі шамдарды қосуға техникалық рұқсат алынды.

Төлеби ауданының әкімдігі жыл сайын «Үлгілі ауыл», «Үлгілі көше», «Үлгілі аула» байқауын ұйымдастырады. Байқаудың басты мақсаты - елді мекендерді абаттандыру, көріктендіру және тазалау жұмыстарын жүргізу. Байқауға ауданның барлық елді мекендері әр номинация бойынша үміткер ретінде қатыса алады. Қай елді мекен болса да, тұрғындар байқауға қатысып, жеңімпаз деп танылса, сол елді мекенде аудандық бюджет есебінен балалар алаңы жасақталады. Осыған байланысты ауданның кез келген елді мекені байқауға қатысу мүмкіндігі бар екенін хабарлаймыз.

Көксәйек ауылының тұрғындары ауыз суды Балдыберек өзенінен алынған топтық су құбыры арқылы пайдаланады. Бұл құбыр Көксәйек ауылдық округінде және Қаратөбе ауылындағы Төңкеріс ауылынан алатын 5 ұңғымадан су алуға мүмкіндік береді.

Көктем және күз мезгілдерінде Балдыберек өзенінің суы лайланып, сапасы төмендейді. Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік қорығы аумағындағы «Бақырақ» бұлағынан Төңкеріс ауылында орналасқан су қоймаларына дейін 5 шақырым су құбырын жер үстімен жүргізу қажет. Бұлақ басы ерекше қорғалатын табиғи аумақта орналасқандықтан, Мәжіліс депутаттары заңға өзгерістер енгізу мәселесімен жұмыс істеуде. Сонымен қатар, қосымша ұңғымалардан су жеткізу үшін 12 елді мекенге арналған қаржылық есеп қарастырылып, ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстары 2025 жылға дейін толықтай аяқталатын болады.