Bugin
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағына, 30-бабының 1-тармағына сәйкес: Нұрахов Ержан Сапарұлы 2024 жылғы 4 қарашадан бастап, аудан әкімінің өкімімен Шардара ауданы әкімдігінің аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ержан Сапарұлы 1986 жылғы 16 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында туған.
2007 жыл - Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті мен
2024 жыл – Шымкент университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын Шардара аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы инспектор болып бастап,«Оңтүстік Қазақстан облыстық Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Шардара аудандық бөлімінде реттеу залының басшысы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Отырар аудандық бөлімінде бөлім басшысы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенттік бөлімінің басшысы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының Жетісай аудандық Асықата кенттік халыққа қызмет көрсету бөлімі басшысы, Шардара ауданы "Хамит" ауылшаруашылық өндірістік кооперативінде әкімшілік директор, Шардара ауданы "VITA" ЖШС директоры, Шардара қаласы әкімі аппараты коммуналдық сала бөлімшесінің басшысы қызметтерін атқарған.
2024 жыл 4 қарашадан Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін бастады. Аудан әкімі Арман Қарсыбаев Ержан Нұраховты ресми түрде жаңа қызметке отырғызып, қызметінде жемісті де, жеңісті шаруалар атқарады деп сенім білдірді.