Bugin
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгін, 7 қараша күні Түркістан облысы Түлкібас ауданы орталығында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Алтын күз 2024» мерекесіне орай ауданымыздың ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жәрмеңкеде ауданымызда өндірілетін ауыл шаруашылығы тауарлары жергілікті тұрғындарға 15-20 пайыз арзан бағада ұсынылды. Мол өнімді тиімді бағада алған аудан тұрғындары шаруалардың еңбегіне дән риза екендіктерін жеткізді.
Аталған шараға аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов қатысып, сауда қатарларын аралады. Ісшараның негізгі мақсаты шаруалардың өндірген өнімдерін делдалсыз тұтынушыларға тікелей ұсыну. Жәрмеңке барысында 20 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері жеңілдетілген бағада сатылды. Сонымен қатар, мерекеге орай ауылшарушылығы техникасы мен асыл тұқымды төрт түліктің көрмесі көпшілікке паш етілді.