Bugin

Түркістан: Түлкібас ауданының еңбек озаттары марапатталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алтын күз - шаруалардың жыл бойғы бел жазбай істелген еңбектерінің жемісін көретін, нәтижесін сараптап, алдағы межелерді белгілейтін шағы. Осы орайда, Түркістан облысы, Түлкібас ауданында жылдағы дәстүрге сай бүгін аудандық мәдениет үйінде «Алтын күз 2024» мерекелік іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мерекелік шара барысында 2024 жылы ауданның ауылшаруашылығы саласында атқарылған жұмыстарды баяндайтын бейнеролик көрсетілімі ұйымдастырылды.

Шараның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов және аудандық мәслихаттың төрағасы Хамит Байысбаев аудан кәсіпкерлерін мерекелерімен құттықтап, ауданымыздың ауылшарушылығы саласында жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген еңбек озаттарын алғыс хат, төс белгі және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Басқосу соңы концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздары жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Еңбегінің жемісін көріп отырған ауданымыздың еңбек озаттары мемлекеттік қолдаулардың арқасында тыңғылықты жұмыстар жүргізіп, өзіндік жақсы көрсеткіштерімен жылды қорытындылауда. Атап айтсақ, ағымдағы жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы саласында 39,1 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Оның ішінде мал шаруашылығы 17,6 млрд. теңгені құраса, өсімдік шаруашылығы 21,5 млрд. теңгеге жетіп отыр.