Bugin

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 11 МЫҢНАН АСТАМ КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГІЛДІ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында жалпы ағымдағы жылдың күз айларында 33 мың 700 көшетті егу жоспарланса, соның 11 мың 300 данасы бүгінгі таңда 13 ауылдық округ пен 2 кент аумағындағы елді мекендерде отырғызылған. Қалғаны алдағы уақытқа жоспарлануда. Ол жерде қараағаш, шаған, тұт, терек, сәмбі және айлант ағаштарының көшеттері бар, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл туралы бүгін аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында аудандық ТҮКШЖК және АЖ(ЖКХ) бөлімінің басшысы Мұстафа Телғараев мәлімдеді. Аудан әкімі егіліп жатқан көшеттердің толық жетілгенше бірінші кезекте сыртын мал кірмейтіндей етіп қоршау керектігін ескертіп, тиісті бөлім және ауыл әкімдеріне нақты тапсырма берді.

Жаңадан бой көтеріп жатқан қоғамдық мекемелер аумағын көгалдандыру мақсатында, көшет егу жұмыстарын жандандыру керектігін атап өтті. Бұл бойынша білім, медицина және т.б. мекемелердің басшыларына есептеу жұмыстарын жүргізіп, ол бойынша жауапты бөлімге ұсыныс хат жолдау керектігін жеткізді. Сонымен қатар, лездемелік жиында жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер, санитарлық тазалық, ветеринария саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар. Оның ішіндегі иесіз ит-мысықтарға қарсы атқарылып жатқан жұмыстар барсы қаралды.

Басқосуды қорытындылай келе Нұржан Жақсылықұлы:

«Тұрғындардың қауіпсіздігін бірінші кезекте ойлауымыз керек. Сол себептен иесіз ит-мысықтарды аулап, жою жұмыстарын барынша күшейту керек»-деп, ауыл әкімдеріне ветеринария қызметімен бірлесіп әр аптасына кемінде бір рет өздеріне бекітілген аумақтарда қараусыз ит-мысықтарды аулау жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Айта кетерлік, жыл басынан бері 1544 ит және 16 мысық ауланып, жойылған.