Bugin
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың тапсырмасымен республикалық деңгейде өткізіліп жатқан “Таза Қазақстан” экологиялық шарасы аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында жалпы саны 27 500 көшет отырғызылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, 10 мың түп қарағаш, 50 түп бозарша, 50 түп арша, 5 мың түп үйеңкі, 2 400 түп шаған, 2500 түп терек, 2500 түп қаратал, 2500 түп катальпа талы, 2500 түп айлант көшеті көше бойы мен аллеяларда отырғызылды. Ауқымды сенбілікке аудан әкімі Азизхан Исмаилов арнайы қатысып, көпшілікпен бірге көшет отырғызуға атсалысты.