Bugin
Фото: Сауран ауданы әкімдігі
Түркістан облысы, Сауран ауданында мүлік және көлік салығын өндіру бойынша рейд ұйымдастырылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік кірістер басқармасы, экономика және қаржы бөлімі, полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп мүлік және көлік құралдарының салығын уақытылы төлемеген тұлғаларды анықтау бойынша бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Рейдтің шараның мақсаты жеке тұлғалардың мүлік және көлік құралдарына салынатын салық берешегін өндіру және жеке тұлғалардың көліктерін анықтап, берешегін өтегенге дейін айыппұл тұрағына қою бағытында жұмыстар жүргізілді. Бұл бағыттағы рейдтік шара алдағы уақытта да тұрақты жүргізілетін болады.