Bugin
Фото: Сауран ауданы әкімдігі
Түркістан облысы, Сауран ауданы әкімінің бастамасымен жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, ауыз су тапшылығы мәселесін жоюға жұмылдырылуда. Осы бағытта ауданның 12 ауылында ауыз су жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жауапты тұлғалармен бірге Жүйнек, Қарашық ауылдық округі мен Құмтүйін елді мекенін арнайы аралады. Бақылау аясында аудан әкімдігінің тиісті мамандарымен бірге атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалады.
Бүгінде аудандағы 34 елді мекеннің 99,9 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта атқарған жұмыстардың арқасында 12 елді мекенде су қысымының деңгейі артып, уақытпен берілетін ауыз су жүйесі енді 24 сағат бойы үздіксіз берілмек.