Саясат

Оск: Тоқаев кандидатқа қойылатын барлық талапқа сай

Орталық сайлау комиссиясы қаулы қабылдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаев кандидатурасының Конституцияда және "ҚР Сайлау туралы" Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы Sputniкnews.kz хабарлайды.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина құжаттың маңызын түсіндірді.

"Біз президенттікке үміткер ретінде тіркелген Қасым-Жомарт Тоқаевтың талаптарға сай болуын қарап шықтық. Үміткер президенттікке кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкес келеді деген шешімге келдік", - деді Мұстафина.

Сондай-ақ, Сәбила Мұстафина шетелде қызмет еткен дипломаттардың президент сайлауына түсуіне қатысты ақпаратпен де бөлісті.

"Қасым-Жомарт Тоқаев 2011 жылдың наурызынан 2013 жылдың қазан айы аралығында Швейцарияның Женева қаласында БҰҰ бас хатшысының орынбасары және БҰҰ-ның Женева қаласындағы бас хатшысы болды. Конституциялық кеңестің нормативті-құқықтық қаулысында "Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мүшелікке кіретін халықаралық ұйымда жұмыс істеген" деп нақ

Кезектен тыс президент сайлауы

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірде халыққа үндеу жасаған болатын. Мемлекет басшысы кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтетінін жариялады.

Президенттікке кандидаттарды ұсыну 28 сәуір сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Үміткерлерді елімізде тіркелген саяси партиялар мен республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсына алады. Әр кандидат 118 140 сенімді сайлаушының қолын жинауы тиіс. Кандидаттарды тіркеу 11 мамырға дейін жалғасады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61