Bugin

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫ АУМАҒЫНДА 25 МЫҢНАН АСТАМ ТАЛ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Сауран ауданы әкімдігі

Республикалық «Таза Қазақстан эколгиялық акциясы» аясында аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысы, Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың ұйымдастыруымен күзгі көгалдандыру жұмыстары бастау алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан Сауран ауданына 25 мың түп ағаш берілді. Олардың 20 мың қарағаш, 3 мың данасы шаған мен 2 мыңы жеміс ағашы. Биылғы күзгі ағаш егу науқаны барысында ауданының климатына сәйкес келетін 25 мың түп түрлі ағаш егу жоспарлануда.

Маусымдық сенбілік шарасына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар, жалпы аудан тұрғындары қатысты. Іс-шараға 5 бірлік техника, 130-ға жуық адам тартылды. Белгіленген аумаққа арнайы тал егіліп, арықтар қазылып, 2 мыңнан астам тамырлы көшеттер отырғызылды. Күзгі ағаш егу науқаны ай бойы үздіксіз жүргізіліп, ауданымызды жасыл-желекке айналдыру белсенді жүргізіледі.

Еске сала кетсек, аудан аумағында абаттандыру, көгалдандыру, жол бойындағы үйлердің қасбеттерін және қоршауларын ретке келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда.