Bugin
Фото: freepik.com
Қызылордада құлдықта болған мектеп оқушысының ісі бойынша алғашқы үкім шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Сотталушы өзін өңірлік қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері деп таныстырған. Кейін оқушы қыздан ақша бопсалаған.
Ол қыздан 700 мың теңге бопсалаған. Бұл ақшаның 50 мыңын өзі алып, қалғанын қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне, яғни басшылыққа беретінін айтқан.
Ер адам 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды.