Bugin

ТҮРКІСТАН, ОРДАБАСЫ: ТЕМІРЛАНДА ХАЛЫҚҚА ҚОЛ ЖЕТІМДІ БАҒАДА ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың тапсырмасымен дәстүрлі ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауданымызға қарасты 10 ауылдық округтің дихандары жеткізген өнімдер әдеттегідей, нарықтағы бағадан анағұрлым төмен бағамен сатылды.

Темірлан ауылының Орталық алаңында өткен жәрмеңке жұмысы таң сәріден қызды. Сөреге көкөніс, тауық еті, шұжық, сүт және жеміс-жидек, бақша өнімдері жалпы көлемі 30-дан астам жуық өнімдер саудаланды.

Жәрмеңкенің басты артықшылығы - бағаның төмендігі. Диқандар мен малшылардың биылғы еңбегі еленіп, қол жеткізген жетістігі жиналғандар алдында сараланды. Азық-түлік нарықтық құннан 15-20 пайыз төмен саудаланды. Мәселен тауық еті кг 1300 тг, алма кг 200-250 тг, картоп 100-140 тг, жуа 100- тг ден саудаланды.

Тауар өндірушілер өнімдерін делдалсыз сатып, табыс тапты. Келушілер адал азығын қолжетімді бағаға ұсынған шаруаларға алғысын жаудырды.

Алдағы уақытта жәрмеңке әр аптаның сенбі күні ұйымдастырылатынын хабарлаймыз.