Bugin

Дәрігердің кінәсі: Қостанайда 10 айлық бала белгісіз жағдайда көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Қостанай облыстық балалар ауруханасына түскен сәби көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Сәби ентігу белгілерімен түскен. Анасы баласының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр. 

“Сағат 13:30-да дәрігерлер мені реанимацияға шақырды, бұл маған біртүрлі көрінді, өйткені бұған дейін рұқсат бермеген еді. Реаниматолог: “Өкінішке қарай, ұлыңыздан 13:00-де айырылып қалдық» деді. Мен бұл сөздерді өмірімде ешқашан ұмытпаймын”, - дейді марқұм баланың анасы. 

Ата-ана полицияға дәрігерлердің үстінен арыз жазды.