Weekend
Болашақта кілттің де пайдасы керек болмайды
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comКүнделікті тұрмысқа қолданып жүрген заттардың қолданыстан шығып жатқанын аңғармаймыз. Смартфондар пайда болған күннен бастап қарапайым телеофндар қолданыстан шықты. Түрлі әлеуметтік желілердің пайда болуынан теледидардың да орны қалып барады. Ал жалпы 20 жылдан кейін қолданыстан қалатын заттар қандай?
Автокөліктердің айналары
Болашақта көліктердің қос қапталындағы айналар болмайды. Тіпті бұл қазірдің өзінде жаңалық емес, себебі Audi өзінің айнасыз көліктерінің таныстырылмын жасап үлгерді.
Пульт іздеудің қажеті жоқ
Теледидарды алыстан басқаруға арналған басқарушы пультті енді іздеудің қажеті де болмайды. Барлығын бір смартфон немесе планешт арқылы басқара бересіз.
Ақшаны да қалтаңызға салмаймыз, тіпті картаға да...
Жыл сайын түрлі зерттеу жасалады. Солардың бірі адамдардың ақшаны онлайн әлде офлайн арқылы төлем жасалуына бағытталған. Нәтижесінде мың адамның тек 120 ғана қолма-қол төлем жасаған. Қалған жартысынан көбі карта немесе смартфондағы арнайы бағдарлама арқылы төлеген. Алдағы 20 жыл ішінде ақшаны қолма-қол түгілі кредит карталары арқылы да төлемейтін боламыз.
Кілт
Қоғам дамыған сайын барынша бір кнопка арқылы басқару жүйесіне көшеді. Бұл дегеніміз болашақта адамдар кілтті қалтасына салып жүрмейтін болады. Смартфон арқылы немесе саусақ ізі арқылы есіктерін құлыптап және аша алатын болады.
Сымсыз құрылғыларды қабылдауға дайынсыз ба?
Apple өнімдерін байқасаңыздар сымсыз құлаққаптар мен сымсыз смартфонды қуаттайтын құрылғылар ойлап тапты. Болашақта сымсыз заттардың заман туады. Сізге қайта-қайта көрмеуін шешіп отырудың қажеті де болмайды.
Медицинадағы өзгеріс
20 жылдан кейін адамды емдеу үшін иненің қажеті болмайды. Оның орнына ғалымдар екі жаңалық ашып отыр. Оның бірі – терінің астына кіретін сұйықтық. Екіншісі – асқазанға жол тартатын дәрі. Дәрі ішінде арнайы ине көзі болады. Дәл осы арқылы оған ем тез қонатын болады.
Жеткізу қызметтері
Үйде отырып тапсырыс беру арқылы мейрамханаларға баруды адамдар ендігі қойып келе жатыр. Болашақта жеткізіп беру қызметтерін де адамдар жасамайды. Себебі кейінгі шыққан технология мен техниканың арқасында адамдарға жеткізіп беру қызметін дрондар алмастырады.
Құжатқа қол қою
Болашақта құжатқа қол қоюдың қажеті жоқ. Қалам мен қағаздан бас тартып жатқан қоғамның бүгінгі ойлап тапқан жүйесі адамды камера арқылы танып, оның қолынсыз-ақ келісім-шарт жасай алатын болады.
Полиэтилен пакеттері
Аталған пакеттердің адам ағзасына жалпы қоршаған ортаға зияны бар екенін ғалымдар күн сайын айтып келеді. Болашақта мүлде қолданыстан шығып, орнына қарапайым үй сөмкерелі пайдаланылуы мүмкін.
Тінтуір
20 жылдан кейін компьютердің тінтуірлерін де пайдаланбайтын боламыз. Оның орнына тағы да самртфондар алмастыратын болады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61