Bugin
Фото: Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Сарыағаш ауданында 7 және 9 қараша аралығында Түркістан облысының құрылғанына 6 жыл толуына орай жыл сайын өтетін дәстүрлі облыстық Спартакиаданың ережесіне сәйкес спорттың үстел теннисі түрінен облыстық жарыс өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарыстың ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев арнайы қатысып, командаларға сәттілік тіледі.
Тартысты өткен үстел теннисі шеберлері ойындарының қорытындысы бойынша І орынды Түркістан қаласының командасы, ІІ орынды алаң иелері Сарыағаш командасы алса, үздік үштікті Жетісай ауданы командасы түйіндеді. Жеңімпаз және жүлдегер командаларға тиісті дәрежедегі медаль, грамота, кубоктар табысталды.