Bugin

Бишімбаев балаларының әкесі болып қала беретін болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Жоғарғы сот

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру ісі бойынша апелляциялық инстанцияда іс қаралды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қуандық Бишімбаев сотқа онлайн қатысты. Әрі алимент төлеп жүргенін мәлімдеп, өзінің бұрынғы жұбайы Назым Қаһарманды “жала жауып жатыр” деп айыптады.

"Балаларымның оқу ақысын ата-анам төлеп отыр, олар мұны менің өтінішім бойынша, алимент келісімі аясында орындайды. Қажет болса, барлық құжаттарды ұсынуға дайынмын. Сенімхатқа қатысты айтар болсам, мен қамауға алынғаннан кейін Қахарманның адвокаты немесе өзі маған сенімхат қажет екені туралы, сондай-ақ текті өзгерту құжаттарын ешқандай заңды жолмен тапсырған жоқ. Бірінші процестен кейін алиментке өтініш бергенде, мен қажетті құжаттарды қол қойып бердім", - дейді Бишімбаев. 

Шешім өзгеріссіз қалды. Бишімбаев әлі де өз балаларының әкесі болып қала береді.