Bugin
Фото: Evento
Анасын өлтірген ер адам, қылмысын жасыру мақсатында үйін өртеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қайғылы оқиға СҚО Явленка ауылында болған. 11 қараша күні өрт сөндірушілер үйден күйіп қалған әйелдің денесін тапты. Кейін марқұмның өрттен бұрын өлтірілгені анықталды. Әйелді 30 жастағы ұлы өлтіргені белгілі болды.
Болжам бойынша, ол анасын сабап өлтірген соң, қылмыстың ізін жасыру үшін үйді өртеген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.