Bugin

Ер адамның ауылдасына жасаған ерсі әрекеті елдің жағасын ұстатты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Алматы облысының тұрғыны ауылдасының 12 миллион теңге тұратын жылқыларын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Полицияның мәліметінше, 7 қараша күні 39 жастағы жергілікті тұрғын малының жоғалғанын білген. Кейін 14 жылқының жоғалып кеткенін полицияға мәлімдеді. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері ізін суытпай, күдіктінің жеке басын анықтады. Күдікті жәбірленушінің ауылдасы болып шықты.