Bugin
Фото: Envento
Астанадағы №27 мектепте оқушы антибиотиктен уланған деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мәліметтерге сүйенсек, мектеп медбикесі балаға 8 таблетка берген. Үкіметте өткен брифингте денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаевқа Астанада оқушы қыздың антибиотиктен улануы фактісі жөнінде сұрақ қойылды.
“Өңірлік департамент бұл оқиға бойынша қызметтік тексеру жариялады, қорытындысын хабарлаймыз. Қызметтік тексеру әлі аяқталмады", - деп жауап берді денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев.
Еске салайық, бұған дейін ер адам анасын өлтіріп, артынша үйді өртеп жібергенін хабарлаған едік.