Bugin
Фото: freepik.com
Алматыда учаскелік полицейді пышақтап кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оқиға кеше түнгі уақытта Алматының Алатау ауданындағы “Pegas” кафесінің маңында болған. Жұмыстан тыс уақытта полицей ер адаммен жандалдасып қалған. Салдарынан Наурызбай ауданына қарасты учаскелік полицей, капитан А.Отарбаев сол жақ кеуде тұсынан жарақат алған.
Күдікті Жамбыл облысының тумасы екені белгілі болды. Ол ұсталды.
Аталған деректі Алматы полиция департаменті растады.