Bugin
Фото: freepik.com
БҚО-да әкесін өлтірген ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
БҚО тұрғынына ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (адам өлтіру) сәйкес айып тағылды.
Оқиға Сырым ауданы Қоңыр ауылында болған. Ішімдік ішкен И. мас күйінде әкесімен сөзге келіп, ағашпен оның басынан және иығынан бірнеше рет ұрған. Салдарынан әкесі оқиға орнында жан тапсырған.
“Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, ісіне өкінетінін айтты. Соттың үкімімен И. өзіне тағылған айып бойынша аса ауыр қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Үкімді шығару кезінде сотталушының мінез-құлқы, қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен жасаған қылмысының ауырлығы және шын ниетпен өкінуі ескерілді”, - делінген хабарламада.
Ер адам 10 жыл бас бостандығынан айырылды.