Bugin
Фото: freepik.com
Қазақстанда оқушыларды тамақтандырудың жаңа стандарты әзірленетін болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, кейінгі екі жылда Қазақстанда 1-4 сынып оқушылары тегін тамақтанады. Бұған жыл сайын 175 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінеді.
"Бүгінгі таңда келесі қадамды жасау маңызды: еліміздің барлық мектебі үшін балаларымыздың сапалы, теңдестірілген және қауіпсіз тамақтануының кепілі болатын жаңа стандартты әзірлеу", - деді Әлназарова.
Денсаулық сақтау министрі оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен бірге ЮНИСЕФ-тің қолдауымен мектептегі тамақтану мәселелерін талқыланған.