Bugin
Фото: Түркістан облысы әкімдігі
Жамбыл облысы, Меркі ауданында жамбы атудан жастар мен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атадан балаға мирас болып келе жатқан ат үстіндегі садақ ату өнерін жан-жақты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған сайыста нағыз шеберлер жеңіс тұғырынан көрінді.
Түркістан облысы ұлттық спорт түрлері мектебінің спортшылары бұл додада 2 алтын, 5 күміс және 3 қола медальға қол жеткізді. Сондай-ақ командалық жарыста «Массай» стилінен 1-орынды иеленді.