Bugin

Уақыт белдеуінің ауысуы Қазақстанның энергия тұтынуына әсер етті ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Энергетика министрлігі уақыт белдеуінің ауысуы Қазақстанның энергия тұтынуына әсер етпедгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

2023 және 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте электр энергиясын тұтыну деңгейі 4%-ға өскен. Министрлік мәліметінше, бұл өсімнің уақыт белдеуінің өзгеруіне қатысы жоқ, халықтың және жалпы ел экономикасының тұтынуының табиғи өсуіне байланысты.

Мысалы, еліміздің батыс БЭЖ-нің аймағында уақыт белдеуінің ауыспағанына қарамастан, тұтыну өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,4%-ға артқаны байқалады.

Энергетика министрлігі елдегі электр энергиясын тұтыну халықтың күнделікті өмір тіршілігімен тікелей байланысты екенін айтты.