Bugin
Фото: freepik.com
2022 жылғы 8 қаңтарда Алмалы ауданының полиция басқармасына жеткізілген азаматты азаптаған полицей сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Істі Алматы прокурорлары тергеген. Полицейге "Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар" бабы бойынша айып тағылған.
Прокуратура полицей айыбын мойындап, процестік келісімге келді деді. Сот мұны ескеріп, оған 2 жыл 6 айға бостандығын шектеу жазасын тағайындаған. Сот оның арнайы атағынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырды.