Bugin
Фото: freepik.com
Түркияның Измир аймағындағы Селчук ауданында бір үйдің бес баласы өрттен қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мәліметтерге сүйенсек, электрлі пештен ақау шығып, соңы өртке ұласқан. Үйде ересектердің қарауынсыз қалған бір жастан бес жасқа дейінгі бүлдіршіндер түтінге тұншығып қалған. Бұл уақытта 27 жастағы анасы көне заттарды сату үшін базарға кетіпті. Ал балалардың әкесі бірнеше жыл бұрын ұрлық жасады деп сотталып кеткен. Кішкентай балаларды қараусыз қалдырғаны үшін шешесі қазір қамауға алынды.
“Әкелері де, туысқандары әрдайым көмектесіп отыратынбыз. Жағдайлары жаман емес еді. 15 күн бұрын менің інім барып балалардың ересектерін интернатқа өткіз, кішкентайларын мен алайын депті. Бірақ анасы өзім қараймын деп рұқсат бермепті”, - дейді марқұмдардың нағашы ағасы.
Бұл жантүршігерлік оқиға Түркия қоғамында қызу талқыға жол ашты.