Bugin

Asarume төңірегіндегі дау: қор басшысы пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Asarume басшысы қор төңірегіндегі дауға нүкте қойды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы KursivMedia сайтына сілтеме жасап. 

Асхат Нұрмашев KursivMedia тілшісіне сұқбат беріп, жалақысы 1 млн теңге екенін айтты.

Оның сөзінше, 2023 жылы 3,9 млрд теңге жинау үшін 100 жуық компаниямен келіскен. Барлық өңірді аралап, 300 отбасыға үй сыйлаған.

Оның 20-30% ғана Алматы қаласы мен облысы аумағында болса, қалған өңірлерге бару керек. 

“Бір шыққан кезде 600-700 шақырым көлікпен жүріп отырамыз. Операторларымыз да жылдамдықпен темпке ілесіп, жұмыс істеп келеді. Мұндай жұмыс көлемін көтере алатын адам аз”, – дейді ол.

Желіде қордың балалардың видеосын жариялайтыны туралы да айтылып жатыр. Қор басшысы видеоға 13 жасқа толған балаларды түсірмейміз деп ақталды.