Саясат

Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға қандай мақсатпен барды?

Ол 37 мемлекет басшыларының арасында бірінші болып сөз сөйледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның Тұңғыш президенті Қытайдағы форумда 37 мемлекет басшысының арасында алғашқылардың бірі болып сөз сөйледі. Нұрсұлтан Назарбаев "Бір белдеу, бір жол" халықаралық форумына қатысты. Бұл туралы Twitter-де Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

Қытай астанасында бүгін таңертең "Бір белдеу, бір жол" форумы ашылды.

Іс-шараның ашылу салтанатына Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Форумның ресми ашылуы аясында Назарбаев үшінші болып, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путиннен кейін сөйледі.

Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездеседі деп жоспарланып отыр.

"Бір белдеу, бір жол" форумы Бейжіңде 26-27 сәуірде өтеді, оған 37 елдің басшысы қатысып жатыр. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61